Басқарылатын құрылғы мен Басқару сервері арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін "Басқару серверімен байланысты үзбеу" параметрін қолдану

Push-серверлерді қолданбасаңыз, онда Kaspersky Security Center бағдарламасы басқарылатын құрылғылар мен Басқару сервері арасында үздіксіз байланысты қамтамасыз етпейді. Басқарылатын құрылғылардағы Желілік агенттер мезгіл-мезгіл қосылым орнатып, Басқару серверімен синхрондалады. Мұндай синхрондау кезеңінің мерзімділігі Желілік агенттің саясатында белгіленеді. Ерте синхрондау қажет болса, онда Басқару сервері (немесе қажет болса, тарату нүктесі) қол қойылған желілік пакетті IPv4 желісі немесе IPv6 желісі арқылы Желілік агенттің UDP портына жібереді. Әдепкі бойынша порт нөмірі – 15000. Басқару серверінен басқарылатын құрылғыға UDP бойынша қосылу мүмкін болмаса, онда синхрондау әрекеті, синхрондау кезеңі ішінде Желілік агентті Серверге кезекті рет мезгіл-мезгіл қосу кезінде жүзеге асырылады.

Желілік агентті Басқару серверіне алдын ала қоспайынша, жергілікті тапсырмаларды іске қосу және тоқтату, басқарылатын бағдарлама бойынша статистиканы алу немесе туннель жасау сияқты кейбір операцияларды орындау мүмкін емес. Бұл мәселені шешу үшін, егер сіз push-серверлерді қолданбасаңыз, сіз басқарылатын құрылғы мен Басқару сервері арасында тұрақты қосылымды қамтамасыз ететін Басқару серверімен байланысты үзбеу параметрін қолдана аласыз.

Басқарылатын құрылғы мен Басқару сервері арасындағы тұрақты қосылымды тексеру үшін:

  1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Басқарылатын құрылғы Басқару серверіне тікелей (яғни тарату нүктесі арқылы емес) жүгінсе:
      1. Консоль ағашында Басқарылатын құрылғылар қалтасын таңдаңыз.
      2. Қалтаның жұмыс аймағынан, тұрақты байланысты қамтамасыз еткіңіз келетін басқарылатын құрылғыны таңдаңыз.
      3. Құрылғының мәнмәтіндік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.

        Таңдалған құрылғы сипаттары терезесі ашылады.

    • Егер басқарылатын құрылғы Басқару серверіне тікелей емес, шлюз ретінде жұмыс істейтін тарату нүктесі арқылы жүгінсе:
      1. Консоль ағашынан Басқару сервері түйінін таңдаңыз.
      2. Басқару сервері түйінінің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
      3. Ашылған Басқару сервері сипаттары терезесінде Тарату нүктелері бөлімін таңдаңыз.
      4. Тізімнен қажетті тарату нүктесін таңдап, Сипаттар түймесін басыңыз.

        Тарату нүктесі сипаттары терезесі ашылады.

  2. Ашылған терезенің Жалпы бөлімінде Басқару серверімен байланысты үзбеу параметрін таңдаңыз.

Басқарылатын құрылғы мен Басқару сервері арасында тұрақты қосылым орнатылған.

Басқару серверімен байланысты үзбеу параметрі таңдалған құрылғылардың жалпы саны 300-ден аспауы тиіс.

Сондай-ақ, қараңыз:

Kaspersky Security Center шектеулері туралы ақпарат

ДҚБЖ және Басқару серверіне арналған аппараттық талаптар

Тарату нүктесін хабарлаушы сервер ретінде қолдану

Басқарылатын құрылғының параметрлері

Басына оралу